Атырау, 5 қазан 07:57
 ашықВ Атырау +22
$ 476.59
€ 500.23
₽ 4.79

Астанада жыл басынан бері 10 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді

1 510 просмотра

Астанада салынып жатқан пәтерлер саны азайып, оның есесіне, жекеменшік үйлер құрылысы ұлғайды. 

2012 жылдың қаңтары мен қазаны арасында елордада жалпы көлемі 1 млн. шаршы метрден астам 11 049 пәтер пайдалануға берілген. Бұл 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,9 % төмен, - деп хабарлайды Статистика департаменті.

Жеке үй салушылар аталған мерзімде жалпы көлемі 40 мың шаршы метрден астам үй салған. Бұл 2011 жылдың қаңтар-қазан айлары деңгейімен салыстырғанда 102,9%-ды құрайды. Сонымен, жеке үй салушылардың үлесі 2011 жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда 3,5%-дан 3,9%-ға өсіп отыр, - деп мәлімдейді Статистика департаменті.

Дереккөз: astana.kz
 

18 қараша 2012, 00:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.