Ресей федерациясының үкіметі Қытаймен арадағы байланыс жолдарын белгісіз мерзімге дейін мүлдем жауып тастады, - деп хабарлайды Nege.kz сайты.
Ресей коронавирустың өршуіне байланысты Қытай азаматтарының федерация аумағына кіруін уақытша тоқтатты. Мұндай міндеттемеге премьер-министр Михаил Мишустин қол қойғанын коронавирустық инфекцияның елге әкелінуін және таралуын болдырмау жөнінде құрылған жедел штаб мәлімдеді.
Тыйым Ресейге жұмысқа орналасу үшін, жеке шаруамен, білім алуға және туристік мақсаттармен келгісі келетін Қытай азаматтарына қатысты.
Аталмыш міндеттеме жергілікті уақыт бойынша 20 ақпанның түнгі 00: 00-ден бастап күшіне енді.