Атырау, 2 желтоқсан 00:46
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Барак Обама Израиль және Мысыр басшыларымен Газа тақырыбын кеңесті

1 790 просмотра

Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обама Газадағы оқиғаларға байланысты Израиль Бас министрі Биньямин Нетаньяхумен және Мысырдың Елбасы Мұхаммед Мурсимен телефонда сөйлесті. 

Ақ үйден жасалған мәлімдемеде Мысырдың Елбасы Мұхаммед Мурсиге телефон шалған Барак Обаманың Мысырдың дағдарыстың тоқтауына бағытталған талпыныстарын мақтағаны және аталмыш талпыныстардың табысты болуын үміт ететінін тілге тиек еткені білдірілді. 

Барак Обама Израиль мен Палестинадағы жан шығынына қайғырғанын білдіріп, тұрақтылықтың қайталай орнауы және тіпті көп жан шығынының алдын алу мақсатымен дағдарыстың мүмкін болған ең қысқа уақытта тоқтатылуын және мәселенің шешілуінің маңыздылығын баса дәріптеді. 

Телефондағы кеңесте екі басшы алдағы күндерде байланыстарды жақсартуды жалғастыруға келіскен. 

Израиль Бас министрі Биньямин Нетаньяху да Барак Обамаға телефон шалып, Газадағы соңғы жағдайға байланысты мәлімет берді. 

Ақ үйден жасалған мәлімдемеде Биньямин Нетаньяхудың Америка Құрама Штаттарының “Газадан келетін зымырандарды тосуда әсерлі болған және сансыз израильдіктің жанын құтқарған “Темір мұнара” қорғаныс жүйесіне салған инвестициясына орай рахмет айтқаны білдірілді.
Дереккөз: trtkazakh.com

18 қараша 2012, 00:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.