Атырау, 26 қараша 12:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ресейде ұшақ әуеге көтеріле бере жерге құлады

2 295 просмотра


Бейсенбі күні таңертең Ан-2 ұшағы РФ Магадан облысында әуе айлағына жедел қонды, себебі ол биіктікке көтеріле алмаған. Бұл туралы ТАСС Ресей ТЖМ Магадан облыстық бас басқармасына сілтеме жасап хабарлады. 

«Ұшақ әуеге көтеріліп бара жатқан кезде құлады. Онда 14 адам болды», - деп хабарлады агенттік дереккөзі. Облыс үкіметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бортта 11 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған. ТЖМ баспасөз қызметінің соңғы дерегі бойынша, оқиға салдарынан жеті адам зардап шеккен. Барлық зардап шегушілер ауруханаға жеткізілді. «Оқиға орнында денсаулық сақтау министрі Сергей Чеканов жүр. Барлық жолаушылар аман-есен, тек жеңіл жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен. Өңірдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бір зардап шегушінің ауыр халде жатқанын хабарлады. «Жедел жәрдем қызметі кәсіби түрде тез жұмыс істеді. Ешкім қаза тапқан жоқ, балалар болмаған. Қатты зардап шеккен бір науқас бар, ол қазір шокқа қарсы палатада жатыр», - деп атап өтті Магадан облыстық денсаулық сақтау министрлігінен. Облыс билігінің алдын ала дерегі бойынша, ұшақ Магадан облысында Среднеканск қалалық округі аумағында жұмыс істейтін жеке компанияға тиесілі. Бортта вахтаға бара жатқан компания қызметкерлері болған. Ұшақ Сеймчан кентіне баруы тиіс болған. Құтқарушылардың мәліметінше, ұшақ 10 метр биіктіктен құлаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Дереккөз: Inform.kz

20 ақпан 2020, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.