Атырау, 29 қараша 10:29
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жарақат алған шетелдік әзірге түсінік бере алмайды (+толықтырылды)

2 884 просмотра

17 қарашада таңертеңгі сағат 4-те Атырауда «Ақ Жайық» қонақ үйінің жанынан шетелдік азамат ессіз күйде табылған. Полицейлер жол-көлік оқиғасы және криминал болуы мүмкін деген екі жорамал жасап отыр.

Жедел жәрдем стансасында журналға алдын ала «бас сүйек-ми зақымы» деген диагноз тіркелді. Облыстық аурухананың науқастарды қабылдау бөліміндегілер бізге жапа шегушінің жансақтау бөліміне түскенін, оның аты‑жөні Эдриан Стюарт деген, шамамен АҚШ азаматы екенін хабарлады. Полицейлер әзірге жапа шегушімен байланысқа шыққан жоқ, өйткені оның жағдайы бұған мүмкіндік бермей отыр.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, кейінірек жапа шегуші полицияға түсінік беріпті. Бұл «Аджип ККО»-ның мердігер компанияларының бірінің 40 жастағы қызметкері, Ұлыбританияның азаматы екен. Оның айтуынша, белгісіз біреулер оны ұрып-соғып, тонап кеткен. Тергеу жүргізілуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қараша 2012, 21:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.