Атырау, 19 сәуір 11:25
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Германияның Ханау қаласында болған атыстан кемінде 8 адам көз жұмды

3 059 просмотра


Германия полициясы Франкфуртқа жақын Ханау қаласында болған атыстан кемінде сегіз адам қаза болғанын, күштік құрылымдардың көлікпен қашқан қарулы күдіктілерді іздеп жатқанын хабарлады. 19 ақпанда түнде болған атысқа нақты не себеп болғаны айтылмайды. Арнайы жасақ өкілдері Ханау орталығындағы екі көшені қоршаған.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, шабуылдаушылар әуелі қаладағы екі қорқор барға (кальян бар) оқ атқан. Кейінірек орталық алаңдардың бірінде жүрген адамдарға шабуыл жасаған. Полиция қызметкерлері мен тікұшақтар екі аумақты да күзетіп жүр.

Полицияның 20 ақпанда түнде таратқан мәлімдемесінде оқиғаның шамамен түнгі сағат 22.00-де болғаны, сегіз адамның қаза болғаны айтылады.

Дереккөз: Азаттық радиосы


20 ақпан 2020, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.