Атырау, 26 қараша 12:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ФСБ Роскосмос зауытының бұрынғы директорын ұстады

2 281 просмотра


ФСБ қызметкерлері Миасстағы машина жасау зауытының бұрынғы директоры Андрей Юрчиковті ұстады. Ол ілгеріде Роскосмос зауытын да басқарған. Юрчиковпен бірге Миасс машина жасау зауытының бюджет және шаруашылық қызметінің жетекшісі Елена Нуждина да тергеу изоляторына қамалды.

Юрчиков пен  Нуждинаға аса ірі көлемде кәсіпорын қаржысын жымқырған деген айып тағылып отыр. 2011 жылдан бері ММЗ-ді басқарған Юрчиков 2018 жылдың күзінде қызметінен босап, кәсіпорында бас директордың кеңесшісі ретінде жұмыс істеген, деп хабарлайды lenta.ru.

MMЗ - баллистикалық зымырандар шығаратын  академик Макеев атындағы мемлекеттік зымыран орталығына қарайды әрі Роскосмостың еншілес кәсіпорны.

Миассада 2019 жылы Мемлекеттік зымыран орталығының және басқа да бірқатар кәсіпорындардың қызметіне жауапты Қорғаныс министрлігінің екі лауазымды тұлғасы сотталған болатын. Олар мемлекеттік тапсырысты орындау кезінде сыбайластыққа жол берген деп айыпталған еді. 

Дереккөз:  Nege.kz

19 ақпан 2020, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.