Атырау, 8 желтоқсан 22:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Кореяның бұрынғы президенті 17 жылға бас бостандығынан айырылды

2 878 рет қаралды


Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мён Бак 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады. 

Сеулдің Жоғарғы соты экс-президентті 2008-2013 жылдары аса ірі көлемде пара алғаны және бюджет қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп тапты. Сонымен қатар, 78 жастағы Ли Мён Бак $15,7 млн көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Прокуратура бұрынғы мемлекет басшысын автомобиль бөлшектерін шығаратын DAS компаниясының қаржысын қалтасына басты және президент болып тұрғанда Samsung Electronics-тен пара алды деген күдікке ілінген. 

Аталған компанияның акционері болған Ли Мён Бак бұған дейін де жемқорлыққа байланысты темір торға жабылған. 2018 жылдың  22 наурызында тұтқынға алынып, 5 қазанда Сеулдің Жоғарғы соты оны 15 жылға түрмеге қамау туралы үкім шығарғанымен, 2019 жылдың наурызында денсаулығына байланысты абақтыдан босатылған. 

Еске сала кетейік, 2017 жылы Оңтүстік Кореяның тағы бір экс-президенті Пак Кын Хе билікті теріс мақсатта пайдаланды және компаниялардан қаржы жымқырды деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Дереккөз: Qazaqtimes.com

19 ақпан 2020, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.