Атырау, 13 қыркүйек 03:01
 ашықВ Атырау +23
$ 477.13
€ 525.85
₽ 5.24

Астана Арландары Украин атамандарын тізе бүктірді

1 655 просмотра

КИЕВ. 17 қараша. BAQ.KZ – Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) бәсекесінде ел намысын қорғап жүрген «Астана Арландары» командасы бүгін биылғы маусымның алғашқы жекпе-жегін өткізді. Арландардың алғашқы қарсыласы «Украин атамандары» командасы болды. 

«Астана Арландары» мен «Украин атамандары» арасындағы кездесу Украина астанасында өтті. Өте тартысты өткен жекпе-жекте еліміздің командасы жергілікті команданы 3-2 есебімен тізе бүктірді.
54 келіде Мирас Жақыпов пен Иван Ильницкий күш сынасқан. Жерлесіміз жекпе-жекті жеңіспен аяқтап, арландарды алға сүйреді. 
Алайда 61 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Ержан Мүсәпіров келесі ұпайды атамандарға беріп қойды. Ол украиндық Вячеслав Кислицыннен ұтылды.
Үшінші болып рингке шыққан жұп – атамандар өкілі Дмитро Митрофанов пен арландар сапындағы Сергей Деревьянченко арасында өткен тартысты жекпе-жектің қорытындысында қазылар жеңісті «жерлесімізге» берді.
85 келідегі арлан - Эхсан Роузбахани (Иран) мен украиндық Денис Пояцика арасындағы жекпе-жекте жеңіс ринг иесінің үлесіне тиді.
91 келіден жоғары салмақта арландардан Филипп Хргович (Хорватия) Ростислав Архипенкомен (Украина) кездесіп, Қазақстан командасына кезекті жеңісті алып берді.

Дереккөз: baq.kz

17 қараша 2012, 13:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.