Атырау, 25 сәуір 09:06
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Орал тұрғыны аурухананы өртеп жіберді

2 041 просмотра

БҚО ТЖД оқиға орнынан фото ұсынды

Оқиға 17 ақпанда таңғы сағат 6-да Тасқала аудандық орталық ауруханасының палатасында орын алған. Ер адам ғимараттың 2-қабатындағы палатада матрацты өртеп, өзі терезеден секіріп, бой тасалаған.

42 жастағы өртеген Николай Жлобицкийге іздеу жарияланды және оны тек таңертең ғана ұстады. Алдын ала мәлімет бойынша, Жлобицкийді психдиспансерге жібермек. Өрттің жалпы аумағы 15 метрді құрады. Өрт жарты сағат ішінде жойылды. Куәгерлер жіберген бейнеде палата толығымен жанып кеткен және қабаттағы төбені күей шалған.

Ғимараттан 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Оның ішінде 20 науқас (4 бала) және 8 жұмыс істейтін қызметкерлер. Өрт сөндірушілер 38 жасар А. Жүнісовті және 17 жасар Р. Жүнісовті өртен құтқарып, Тасқала ауданының АОА 1-ші қабатына көшірді.

Дереккөз: Орал апталығы

18 ақпан 2020, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.