Атырау, 29 наурыз 15:03
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жаңа латын әліпбиінде кирил әріптері болуы мүмкін

3 927 просмотра


Қазақ әліпбиінің латын әріптерімен жазылуының тағы бір нұсқасы таныстырылды. Қазақша латын әліпбиінде 4 кирил әріпі болуы мүмкін екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Экспресс К басылымына сілтеме жасап. 

«Ә», «ө», «ұ» және «ү» әріптерін латынға көшіру қиын болыпты. Жаңадан құрастырылған әліпбиде 31 әріп болады деп жоспарлануда. Қаріптердің бұл түрімен жазылған сөздер мысалы былай болады екен: "Күләш" деген есім "Kүlәş" деп жазылады.

Бұл нұсқаның сәтсіз екендігін А. Байтұрсынов атындағы тіл институтының мамандары мойындап отыр. Десек те латын әліпбиінің тағы үш түрі бар көрінеді. 

Дегенмен тіл мамандары жоғарыда айтылған әріптерден басқа "ң" мен "ш" белгілерін де латынға ауыстыру қиынға соғуда екенін жеткізді. Басында "ш" әріпін "sh" деп жазу ұсынылған, алайда бұл кезде асхана сөзі, ashana болып, жазылғанда мағынасын жоғалтады екен. Ал "ң"-ді "ŋ" деп қолмен жазу азаматтар үшін оңай болмауы мүмкін. 

Тағы бір атап кетерлік жайт, жаңа әліпбиде ұқсас "ı" және "і" белгілерінің болуы.Үстінде нүктесі жоқ әріп "и" деп оқылса, ал нүктесі бары "ірімшік" сөзіндегі "і" екен. Сол себепті қаріпті құрастырумен айналысып жүргендер бас іріптің үстінен де нүкте қоюды ұсыныпты. 

Дереккөз: Stan.kz

18 ақпан 2020, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.