Атырау, 26 сәуір 23:04
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Анашым, жаңа жәрдемақы алдың ба?

3 438 просмотра


Биыл 1 қаңтардан бастап Қазақстанда 4 не одан да көп балалары бар көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төлеу енгізілді.

- Бұл мемлекеттік жәрдемақының енгізілуі президенттің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында айтылған аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдауға арналған негізгі үш бағыттың бірі болып табылады, - дейді «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясының Атырау филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек БАҚТЫҒАЛИ.

- Аталмыш жәрдемақы 4 не одан да жоғары кәмелеттік жасқа жетпеген балалары бар, оның ішінде жасы 23-ке дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттер болса барлық көпбалалы отбасыларға кірісіне қарамастан төленетін болады.

Жәрдемақы мөлшері балалар санына қарай сараланады. Сонымен, төрт баласы бар отбасы 42 496 теңге, бес  баламен – 53 127 теңге, алты – 63 757 теңге, жеті және одан да көп балалы отбасы – 74 388 теңге алады.

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті филиалында хабарлағандай, біздің аймақта бұл жәрдемақыны  18 125 отбасы алып үлгерген. Олардың ішінде 4 баласы бар отбасылар саны – 12 840, 5 – 4 075, 6 – 1 006, 7 және одан да көп – 294 отбасы бар.

Фархат ӘБІЛОВ

18 ақпан 2020, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.