Атырау, 29 наурыз 00:28
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

"КамАЗ" жүргізуші құтылмады

Бейнежазба
4 520 просмотра

Бейнежазбадан алынған кадр

15 ақпанда Атыраудағы Крупская көшесінің бойында патрульдік полиция жол қозғалысы ережесін бұзған «КамАЗ» көлігінің жүргізушісін байқады. Әлеуметтік желілерге жүргізушінің көлікті тоқтатпақ болған полиция қызметкерлерінен қашып құтылмақ болғаны түсіп қалған бейнежазба тарап кетті. Алайда,  инспекторлар Қ.Абдолов пен Е.Салықбаев оны ұстап алды. 

Тексеру барысында бұл азаматтың бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Ол ҚР ӘҚБтК-тің 612-бабы (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы), 667-бабы (Құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбау) бойынша жауапкершілікке тартылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.



Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желілерден алынған бейнежазба

18 ақпан 2020, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.