Атырау, 20 сәуір 05:38
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Шымкентте заңсыз қару дайындағаны және сатқаны үшін қылмыстық топ мүшелері сотталды

3 130 просмотра


Шымкентте заңсыз қару дайындағаны және сатқаны үшін қылмыстық топ мүшелері сотталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.

«6 ақпанда Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық соты атыс қаруын заңсыз жасаумен және оны өткізумен айналысқан қылмыстық топ мүшелеріне үкім шығарды. «Атап айтқанда К. Дрейлинг ҚР ҚК 287-бабы 4-бөлігі (« Қаруды, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру ) және 288-бабы 2-бөлігі (« Қаруды заңсыз жасау») бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға сотталды. Ю.Разин осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Р. Ибрагимов пен В. Завзин 3 және 4 жылға шартты түрде сотталды», - делінген дүйсенбідегі хабарда. ҰҚК атап өткендей қылмыстық схемаға сәйкес, «салқындатылған қару  Ресейден Қазақстанға әкелініп, жасырын жағдайда жауынгерлік етіп қайта жасалған". «Заңсыз айналымнан 8 «Калашников» автоматы, 2 «Макаров» пистолеті және оларға оқ-дәрі алынды. Қаруды түрлендірумен айналысқан цех жойылды», - делінген хабарда.

Еске салсақ, 2019 жылғы шілдеде Шымкентте ҰҚК органдарының арнайы операциясы нәтижесінде аталған қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілген еді.

Дереккөз: ҚазТАГ

18 ақпан 2020, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.