Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 176 бабы 3 тармағының «б, г» тармақшалары бойынша қозғалып отыр.
«Компанияның бұрынғы президенті және аты-жөні анықталмаған тұлға 2009 жылдың мамыры мен 2011 жылдың қарашасы аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на «КТ&Т» ЖШС-мен № 63-1/16 консорционалды келісім бойынша қызмет көрсету барысында «Транстелеком» АҚ-ның 319 439 054 теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденіп, талан-таражға салған», - деп түсіндірді қаржы полициясы.
ҚазАқпарат тілшісіне қалалық қаржы полициясының хабарлауынша, басқа ақпараттар тергеу мүддесіне орай таратылмайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат