Атырау, 26 қараша 14:26
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Идлиб жанжалы: Анкара мен Мәскеудің мәмілесі бұзыла ма?

2 244 просмотра


Ақпан айы басталғалы бері Сүрияның Идлиб жеріндегі қақтығыс ушығып кетті. Өткен аптада Башар Асадқа қарасты үкімет армиясының шабуылдарынан түрік жауынгерлері қаза тапты. 

Анкара тарабы бұл әрекеті үшін Дамаск ауыр зардап тартатынын ескертті. Онымен қоймай Ресеймен болған мәмілені де қайта қарауы мүмкін екенін айтты. Бұл ескертуден кейін Анкара мен Мәскеудің мәмілесі бұзыла ма деген сұрақтар да туа бастады. Сүрия армиясы Идлибке не үшін шабуыл жасады? Анығында Идлиб провинциясын Сүрия дағдарысындағы аса күрделі аймақтардың бірі. Түркиямен шекаралас бұл аймақты Дамаск толық бақылауына ала алмаған. Есесіне, Түркияның, Иранның қолдауындағы топтар мен осы елдердің қарулы күштері көбірек бақылауда ұстап тұр. Башар Асад режимі бұл рет Иран қолдауындағы әскери топтарға қарсы соғыс бастаған. Түркия бұл әскери әрекеттерден мазасы кете бастады және ашық қарсылығын білдірді. Себебі, анық еді, Анкара бұл аймақты өзінің ықпалындағы шекара қатарында көреді, бұған қоса Идлибтің Түркия үшін стратегиялық маңызы жоғары. 2017 жылы Сочиде Иран, Ресей басшыларымен жасасқан келісім бойынша бұл аймақтың қауіпсіздігін Түркия өз мойнына алған. Түркия Идлибтегі әскерін көбейтті.  Түркия неге Идлибті тастап кетпейді? Дамаск күштері жалпы ел көлемінде басымдық алып келе жатса да Түркия Идлибті тастап кете алмай отыр. Үйтетіні, бұған дейін осы аймақтың қауіпсіздігін бақылау барысында ондаған түрік әскері көз жұмды. Енді Идлибті тастап тұтас қарулы күштер кері қайтса бұл президент Ердоғанның ел ішіндегі репутациясын төмендетіп жібермек. Оның үстіне, Дамаск күтері осы аймақта Түркия қолдауындағы оппозициялық қарулы топтарға да соққы беріп жатыр. Түркия ықпал еткен бұл күштер жойылса түрік елінің өңірдегі ықпалы мен беделі де кері кеткені. Түркияның аймақтағы жанжалға араласуына бұлардан да маңызды себептері бар. Ол болса күрд мәселесі және радикалды топтардан төнетін қауіп. Түркия өз шекарасын іштен қорғаудан көрі, шекара сыртында қауіпсіз аймақты жасап шығу керек деп тапқан. 

Сүрияда «Ұлттық армия» аталатын қарулы топтарды Анкара қолдайды. Олар бұрын «Сүрияның еркін армиясы» деп аталған бірлескен топтар қатарында болды. Анкара қалай да бұл топтарға қолдауын жоғалтып қоймайды, оларды күрд күштеріне және радикал топтармен күресте көбірек пайдаланады. Түркияның ескертуі мен талабы Соңғы мәліметтерге қарағанда Идлиб жерінде 14 түрік әскері көз жұмған. Анкара шаулы күйде. «Енді бір түрік әскері қаза болады екен, Түркия қарулы күштері қолы жеткен жердің бәрінде Башар Асадтың күштеріне қарсы соққы береді», – деп те ескертті. Әрине, Түркияның қарулы күштері Сүрияда ырықты орында. Дамаск Мәскеу көмегінсіз Түркия армиясына төтеп бере алмайды. Президент Ердоған Башар Асадқа шарт қойып отыр – Ақпанның соңына дейін бірде бір әскерін қалдырмай, Идлибтен шегініп шығуы керек. Егер бұл шарты орындалмаса, Түркия Башар Асад күштеріне соққы беріп қана қалмастан, Сүрия ісі бойынша Ресеймен де мәмілесін қайта түзетінін айтады. 

Ердоған мәлімдемесінде Дамаск пен Мәскеуді қатар атап бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады деп айыптады. Бұл Түркияның тағы бір алаңдаушылығының бетін ашады, яғни Башар Асад шабуылдарынан кейін Идлиб жерінде тағы да босқындар пайда болып, әлеуметтік дағдарысқа соқтыруы мүмкін. Олай болса Түркияның жағдайы ауырлай түседі. Анкара шекарасы маңынан босқындардың көбейтуды қаламайды. Бұл дағы Идлибтегі жанжалдың бір себебі. 


Дереккөз: Qazaqtimes.com

17 ақпан 2020, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.