Атырау, 24 желтоқсан 03:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

​Армения жерінде көлігін тіркеуге қойған қазақстандықтарға ескерту жасалды

Бейнежазба
3 208 рет қаралды


Армения мемлекеттік кіріс комитеті бұл елде көлік сатып алып, осында тіркеуге қойған Қазақстан азаматтарына салық төлеу қажеттігі туралы ескертті. 

Комитет басшысының орынбасары Шушан Нерсисяннің айтуынша, өз міндетін дер кезінде орындамаған тұлғаларға айыппұл салынады. Жалпы өткен жылы Арменияға шетелден 189 мың автокөлік әкелінген болатын. Олар үшін мемлекет қазынасына 146 миллион доллар мөлшерінде кедендік салық төленді. Шушан Нерсисян қазақстандықтар сатып алған көліктерге қатысты барлық ақпарат Нұр-Сұлтандағы әріптестеріне табыс еткенін хабарлады.  

Шушан Нерсисян, Армения мемлекеттік табыстар комитеті басшысының орынбасары: - Мүлік салығын төлеу үшін онлайн-платформасын құру бастамасы бар. Дегенмен, бұл жоба жүзеге аспаса немесе кейін іске қосылса да мүлік салығын төлеу міндеті сақталады. Арменияға көлігін тіркеуден алып тастауға келген азаматтар борышын өтемей мұны істей алмайды. Егер биыл салық төлемесе, келесі жылы оларға айыппұл салынады.



Дереккөз: 24.kz

17 ақпан 2020, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.