Атырау, 24 желтоқсан 03:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Сегіз және одан да көп балаға 159 мың теңгеге дейін жәрдемақы төленеді

3 194 рет қаралды


Алқа отырысын өз баяндамасымен ашқан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда сегіз және одан да көп баласы бар аналарға да жәрдемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты.

Айта кетейік, қазір төрт және одан да көп баласы бар отбасылар табысына қарамай сараланған жәрдемақы алып отыр. Бірақ, жеті баласы бар отбасы да, сегіз баласы бар отбасы да осы жәрдемақының максималды мөлшері – 75 000 теңге алып отыр.

«Көпбалалы отбасыларға табыстарына қарамастан, балалар санына қарай сараланған мөлшерде төленетін жәрдемақы енгізілді.  370 мың отбасы жыл басынан осы жәрдемақыны ала бастады. Қазіргі уақытта байқасаңыздар жеті баладан ары қарай жәрдемақы мөлшері біркелкі. Сондықтан, біз осы мәселені қарастырып, сегізінші және одан кейінгі балаларға да жәрдемақыны сараланған түрде төлеу мәселесін қарастырып жатырмыз. Сонда сегіз балаға 74 000 емес, 85 000, он балаға – 106 000, он бес балаға – 159 мың теңгеден төленетін болады», - деді Біржан Нұрымбетов.

Министр осы жәрдемақыны да 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап есептеп, төлеу жоспарланып отырғанын айтты.

Дереккөз: Azattyq-ruhy.kz

17 ақпан 2020, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.