Атырау, 27 желтоқсан 01:45
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Бөренеден үй тұрғызатын серіктестік қолжетімді баспана бағдарламасына қатысқысы келеді

2 501 просмотра
KazBIN.16.11.2012.Астана. – Ақкөл ауданында бөренеден үй тұрғызатын «Компания «КазЛес» ЖШС «Қолжетімді баспана» бағдарламасына үлес қосқысы келеді. Бұл туралы серіктестік директоры Андрей Петраченконың сөзіне сілтеме жасап,Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақкөл ауданында 2010 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан серіктестік бөренелерден үй тұрғызып қоймай, есік, тезере, жиһаз жабдықтарын дайындаумен де айналысады. Бұл Қазақстанның орман саласындағы кластерлік компания болып табылады. Ағашты тереңдетіп өңдеудің барлық кезеңдерін біріктіре отырып, компания өндірістік желіні толығымен қамтыған. Компания Орал мен Сібірден жеткізілген ағаштарды қолданады. Шикізат шалғайдан жеткізілген соң үйдің бағасы арзан емес.

«Бөренелер Ресейден жеткізілмей, отандық өнімдер пайдаланылса үйдің құны да арзанырақ болар еді», дейді серіктестік директоры. Мұнда қолданылатын өнім экологиялық таза әрі суық өткізбейтіндіктен құнды болып саналады. Диаметрі 20 см бөрене жылуы жағынан бір метрлік кірпіш қабырғамен тең екені белгілі. Осылайша жылу мен энергоресурс үнемдеуге болады. Бөренеде оттегінің бес-алты жыл бойы сақталуынан үйдің ауасы әрқашан таза болады. Алғаш рет мұндай үйлер Финляндияда салыныпты. Еуропада бөренеден тұрғызылған үйлер тоқсаныншы жылдардан бастап салынса, Қазақстанда соңғы үш жылда ғана қолға алынды. Осы уақыт ішінде кәсіпорын Астана, Алматы, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Петропавл және Щучье қалаларында екі жүздей үй тұрғызды. Финн технологиясы арқылы жұмыс істеп келеді. Андрей Петраченко: «Үй тұрғызуға өз ағаштарымызды қолдансақ, «Қолжетімді баспана» бағдарламасына өз үлесімізді қосар едік», – дейді.

Өткен жылы 140 726,6 мың теңгенің өнімін өндірген компанияда қазіргі таңда 50 адам жұмыс жасайды.

Дереккөз: KazBIN

16 қараша 2012, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.