Атырау, 26 қараша 14:49
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Иран Boeing қара жәшігінің шифрін ашатын техникалық мүмкіндігі жоғын мойындады

2 751 просмотра


Иран Тегеран маңында атып түсірілген украиналық Boeing-737 жолаушылар ұшағының қара жәшігінің шифрін анықтауға техникалық мүмкіндігі жоқ екенін мойындады. NBC телеарнасына берген сұхбатында Иранның сырты істер министрі Мұхаммад Жавад Зариф осылай деді.

8 қаңтарда Тегеран әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing-737 жолаушылар ұшағы әуеде атып түсірілген еді. Ұшақ бортында болған 176 адамның барлығы қаза болды. Иран билігі ұшақты әуе шабуылынан қорғану жүйесі қателесіп атып түсіргенін мойындады.

Басында Тегеран апатты халықаралық сарапшылармен бірге зерттеуге келіскен, бірақ қазір қара жәшікті басқа елге беруден бас тартып отыр. Дегенмен қара жәшіктегі ақпаратты алу үшін Иранға америкалық компанияның техникалық құжаттары мен программалық жабдықтаулары керек. Зарифтің сөзіне қарағанда Иран шифрді ашу үшін көмек сұрағанмен компания бас тартқан.

8 қаңтарда ұшақ апатынан азаматтары қаза тапқан бес мемлекет Ираннан қара жәшікті беруді талап еткен. Зарифтің пікірінше, Иранның апатты өз бетінше зерттеуге және қара жәшікті бермеуге толық құқығы бар.

Дереккөз:Азаттық радиосы


16 ақпан 2020, 15:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.