Атырау, 21 қаңтар 21:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -8
$ 507.05
€ 594.82
₽ 6.51

Тоқаев қазақстандықтарды алаңдатып отырған мәселеге қатысты тапсырма берді

3 532 рет қаралды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде жұмыс сапарымен жүрсе де, Қазақстандағы интернет мәселесіне қатысты тапсырма берді. 

"Мемлекет басшысы барлық ақпарат ресурстарының жұмысын қалпына келтіруді тапсырды", - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Қазіргі уақытта президент жұмыс сапарымен Германияда жүр.

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін ақпарат ресурстарының жұмысы біртіндеп қалпына келе бастады. 

Еске сала кетсек, 15-16 ақпан күндері қазақстандықтар әлеуметтік желі мен мессенджерлерде интернет пен ұялы байланыстың жұмысына жаппай шағымдана бастаған еді.

Youtube, Google, Telegram және өзге де желілер жұмыс істемеді.

Дереккөз: Sputniknews.kz

 


16 ақпан 2020, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.