Армения мен Әзербайжан басшылары Мюнхендегі қауіпсіздік жөніндегі конференция аясында кездесіп, Таулы Қарабах мәселесін талқылады. Отыз жылдан астам уақытқа созылып келе жатқан мәселені реттеуде тараптар сәл ілгерілеушілікке қол жеткізді.
Әзербайжан құрамында болған Таулы Қарабах аймағын 1988-94 жылдары болған қақтығыс кезінде Армения қолдайтын сепаратистер басып алып, тәуелсіздігін жариялаған. Қақтығыстан кемінде 30 мың адам мерт болды. Жүздеген адам бас сауғалап кетті.
1994 жылы қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғанымен, шекарада екі ел әскерилері арасында әлсін-әлсін жанжал шығып тұрады. Бірде-бір мемлекет аймақтың тәуелсіздігін мойындаған жоқ. Халықаралық дипломаттар жылдар бойы мәселені шешуге күш салып келеді.
"Таулы Қарабах бұл Әзербайжанның бір бөлігі, бұл тарихи шындық...териториялық тұтастығын бүкіл әлем мойындаған және Таулы Қарабах Әзербайжанның ажырамас бөлігі" деді Әлиев.
"Соңғы 25-30 жылда кездескен сайын бір нәрсені қайталай береміз. Менің ойымша, халықаралық қауымдастық бір нәрсені ести бергеннен әбден шаршады, бізге жаңа идея керек" деді Пашинян.
Мәселенің шешілмеуі Оңтүстік Кавказ аймағының дамуын тежеп отыр.
Дереккөз: Азаттық радиосы