Тікұшақ қарлы боранда қалып қойған.
Ресейдің Ямало-Ненецк автономиялық округінде Ми-8 тікұшағы құлап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі РИА Новости-ға сілтеме жасап.
Алдымен тікұшақтың қалағы сынған. Одан кейін әуе кемесі төңкеріліп қалған. Бортта 10 адам болған, оның екеуі қаза тапты.
Тікұшақ Краснояр өлкесінен Сабеттаға ұшып шыққан. Рейс мақсаты - вахталық тасымалдау. Апат себептері анықталып жатыр.
Дереккөз: Азаттық рухы