Атырау, 23 ақпан 06:28
Таңертең ашық+1, күндіз +6
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 376.16  € 406.18  P 5.90

Студенттерді елге қайтарудың ешқандай саяси астары жоқ - Өзбекстан елшісі

15 ақпан 12:29


Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр.

Кеше қазақстандық БАҚ-тың бірінде «Өзбекстан шетелде оқитын жастарын кері қайтарып жатыр» деген хабар тарады. Алайда, Өзбекстан билігі оның себебін түсіндіріп, ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Осыған байланысты, «Азаттық рухы» тілшісі Өзбекстанның Қазақстан еліндегі төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен сұхбат құрып, Қазақстан ЖОО-ларында оқып жатқан өзбек студенттері жайлы сұрады.

Елшінің айтуынша, дәл қазіргі уақытта Қазақстан ЖОО-ларында 17 мыңға жуық Өзбекстан азаматы білім алып жүр екен. Олар еліміздегі үш мегаполистен бөлек, Атырау, Қарағанды, Қостанай және Рудный секілді қалалардағы жоғары, орта және арнаулы білім ордаларында оқиды. Өзбек жастарының дені техникалық мамандықтарға қызығушылық танытады.

Өзбекстанда жыл сайын мектеп бітіретін түлектердің саны 650 мыңнан асады. Биыл (2019 жылы – авт.) олардың 20 пайызы ғана мемлекеттік грантқа түсуге мүмкіндік алған. Оқу бағасы қымбат, грант саны аз. Сол себепті өз елінде жоғары білім алуға мүмкіндігі болмаған жастар сырт елдерге кетуге мәжбүр. Саидикрам Ниязходжаев шетелдегі студенттерді елге қайтарудың ешқандай саяси астары жоғын мәлім етті. 

Дереккөз: Азаттық рухы

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

591 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3