Атырау, 26 қараша 14:21
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Кариб аралында демалған премьердің басы дауға қалды

1 978 просмотра


Британия премьер-министрі Борис Джонсонның Кариб аралдарындағы демалысы дауға айналды. Параменттегілер премьерден кімнің ақшасына демалысқа кеткенін айтуды талап етіп жатыр. 

Бұл туралы Business Insider порталы жазды. Джонсон өзінің сүйіктісі Кэрри Саймондспен жаңа жылдық демалысқа Карибтегі Мюстик аралына кеткен. 

Премьер зәулім вилланы 15 мың фунт стерлингке жалдаған. Парламенттегілер Джонсоннан қымбат демалыстың демеушісін айтуды талап етті. Премьер консерватив партияны ақшалай қолдайтын досы Дэвид Росс төлегенін айтты. Бұл сыйлық болды деп отыр, - делінген хабарламада.  

Бірақ Ростың атынан сөйлеген өкілі Джонсонның сөзін растамады. Енді премьер кімнің ақшасына демалғанын айтпаса, талап етушілер тергеу жүргізбек.

Дереккөз: Baq.kz

15 ақпан 2020, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.