Атырау, 26 қараша 14:30
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Трамптың Twitter-дегі жазбалары жұмысымызға кедергі – АҚШ бас прокуроры

2 484 просмотра


АҚШ-тың бас прокуроры және Әділет министрі Уильям Барр президент Дональд Трамптың Twitter-дегі жазбалары Әділет министрлігінің жұмысына кедергі келтіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат АВС News телеарнасына сілтеме жасап. 

Ол президенттен қылмыстық істер туралы твит жазып, сол істерге байланысты ресми мәлімдеме жасауды доғаруын сұрады. Бас прокурордың айтуынша, Д.Трамптың президенттің бұрынғы кеңесшісі Роджер Стоунның ісіне қатысты жазбалары министрлік жұмысын қиындатуда. «Трамп жеке өзіме бұл іс бойынша ештеңе айтпады. Ал оның министрлік, ведомство қызметкерлері, судьялар туралы жазбалары бізге кедергі жасайды. Қылмыстық істер туралы твит жазуды доғаратын уақыт келді. Себебі бұл міндет Әділет министрлігінің құзырында», - деді министр. 

Айта кету керек, АҚШ басшысы қаңтар айында Twitter-ге бір күнде жариялаған жазбалардың саны бойынша өз рекордын жаңартқан болатын.


Дереккөз: Inform.kz

14 ақпан 2020, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.