Атырау, 20 сәуір 14:56
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Страсбург соты Әзербайжан билігін екі белсендіге өтемақы төлеуге міндеттеді

2 102 просмотра


Страсбург соты (Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты) Әзербайжанды бұрынғы президент Гейдар Әлиевтің ескерткішіне саяси граффити салғаннан кейін “есірткі саудасы” бойынша сотталған екі оппозиция белсендісіне өтемақы төлеуге міндеттеді. Әзербайжан билігі белсендінің әрқайсысына моральдық өтемақы ретінде 30 мың еуро және сот шығынын өтеу үшін 6 мың еуро төлеуі тиіс.

Сот шешімінде полицияның әзербайжандық НИДА жастар ұйымының өкілдері Маммадов пен Ибрагимовті кінәсін мойындату үшін қинағаны, күштеп ұстағаны жазылған.

Сот істі “биліктің оппоненттерді, азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушылардың ізіне түсіп, заңсыз қудалау үрдісінің жалғасы” деп таныды.

Байрам Маммадов пен Кияс Ибрагимов 2016 жылы 9 мамырда Бакуде бұрынғы президент Гейдар Әлиевтің ескерткішіне "Құлдардың бақытты күні!" деп жазған соң ұсталған. Әзербайжанда 10 мамырда Гейдар Әлиевтің туған күні атап өтіледі. Бірнеше жыл түрмеде отырған белсенділер былтыр көктемде рақымшылықпен бостандыққа шыққан.

Бірнеше жыл бұрын Amnesty International құқық қорғау ұйымы Бакуді белсенділерді дереу босатып, олардың өздерін азаптағаны туралы шағымын тергеуге шақырған. Ұйым екі белсендіні "саяси тұтқын" деп таныған.

Дереккөз: Азаттық радиосы



14 ақпан 2020, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.