АҚШ сенаты бүгін президент Дональд Трамптың Иранмен соғыс жүргізу өкілеттіктерін шектеу мәселесін талқылап, қарар қабылдамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құжатты сенатор Тим Кейн ұсынды. Қарар Иранға қарсы әскери қимылдарды конгрестің келісімінсіз жүзеге асыруға тыйым салады. Ақ үй басшысы сенаторлардың бастамасын сынға алып, қазір жұмсақтық танытатынын кез емес деді. Айта кетейік, мұндай қарарды қаңтардың 6-сы күні Конгрестің өкілдер палатасы да қабылдаған болатын.
Тим Кейн, сенатор:
– Бұл қарапайым қарар. Ол конгресс келісім бермейінше, Иранмен соғыс жүргізуге тыйым салады. Құжат нақты президент Дональд Трампқа бағытталмаған. Ол кез келген ел басшысына қолданылатын болады. Бұл Конгрестің өте маңызды мәселелер бойынша жауапкершілігі мен шешім қабылдау құқығына қатысты болып отыр.
Линдси Грэм, сенатор: – Мен сенатор Кейннің ұсынысына қарсымын. Өйткені бұл бас қолбасшының ұлтты қорғау және тікелей әскери операциялар жүргізу бойынша конституциялық құқығын бұзу деп санаймын.
Дереккөз: 24.kz