Атырау, 26 қараша 15:31
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Лукашенко: Бос мадақты қойыңдар!

2 379 просмотра


Беларусь Президенті Александр Лукашенко мемлекеттік БАҚ өкілдерін едел-жедел әрі өткір болуға үндеп, билікке мадақ айтуды доғаруға шақырды. Ол бұл туралы 11 ақпанда елдің жетекші БАҚ басшыларымен кездесуінде айтты.

Лукашенко журналистерді кәсіптеріне адалдығы мен жалған ақпаратқа ілеспейтін шынайылығы үшін бағалайтынын жеткізген. Сонымен бірге, әрбір БАҚ аудиториямен «адал және объективті әңгіме» жүргізуі тиіс екенін ескерткен. Себебі ақпарат әлемінде бәсекелестік күшті. Әсіресе шетелдік әріптестері арасында отандық журналистиканың орыны төмендемеуі керек.

«Бүгінде кез-келген БАҚ-тың келбетін авторлық журналистика анықтайды. Бізге жаңа бейнелер, қызықты тақырыптар қажет. Сіз ақпар жеткізуде шебер әрі өзіңізге сенімді болуыңыз керек», - деген Беларусь басшысы.

Дереккөз: Nege.kz

12 ақпан 2020, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.