Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин Бейжіңдегі тұрғын үйлер мен ауруханада болып қайтты. Мемлекет басшысы көшеге бетперде киіп шыққан. Ал медбике болса Си Цзиньпиннің дене қызуын тексерді. Қытай көшбасшысы Чаоян ауданындағы «Анхуали» тұрғын үй кешенінде болып, жергілікті тұрғындармен тілдесті. Орталық телеарнаның таратқан ақпары бойынша Си Цзиньпин тұрғындардан азық-түлік бағасы мен қолжетімділігі туралы сұраған.
Ізінше мемлекет басшысы «Дитань» ауруханасына барып, видео арқылы Уханьдағы ауруханамен байланысқа шықты. Коронавирусты жұқтырған науқастар жайлы ақпар алды. Айта кетейік, қауіпті кеселге шалдыққандардың саны бүгінде 40 мыңнан асады. 1016 адам коронавирустан көз жұмды.
Дереккөз: 24.kz