15 қарашада сағат 17.30-да орталық көпірде «Арнаулы автобазада» жұмыс істейтін жұмысшы әйелді көлік қағып кетті.
Жүргізуші жол жиегін сыпырып жүрген әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан таса болды.
- Жол полициясының қызметкерлері «Нисан альмера» автокөлігін анықтап, жүргізушісін - Атыраудың 45 жастағы тұрғынын ұстады, - дейді ІІД анықтау басқармасының аға анықтаушысы Қадырбек ӘБІШЕВ. Жапа шегуші облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Оның жабық түрде бас сүйегі мен ми бөлігі зақымданып, жамбасы сынған, қазіргі уақытта әлі есін жиған жоқ.
Зульфия ИСКАЛИЕВА