Израиль өзінің заңсыз жаулап алған Батыс жағалау өңірін саяси карталарына енгізе бастады. Бұл туралы сол елдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мәлімдеді.
Ол сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп алға қойған «Бейбітшілік жоспары бойынша» Батыс жағалаудағы кейбір жерлер толықтай Израиль иелігіне өтетінін жеткізді. «Біз қазірдің өзінде бұл аймақтарды картаға түсіріп жатырмыз. Президент Трамп ұсынған жоспар бойынша көп өтпей бұл аймақ Израильдің иелігіне айналады. Бұған көп уақыт кетпейді», – деді Нетаньяху. Оның айтуынша бұл аймаққа Израильдің барлық елді мекендері және Иордан алқабы кіреді. Аталған аймақ 1967 жылы Израиль тарабынан қарулы күшпен басып алынған.
Содан бері Израиль қарулы күштерінің бақылауында. Ал, Палестина азаматтары бұл аймақта дербес Палестинаны құрып шыққысы келеді. Палестинаны азат етуші ұйымдар Израиль премьерінің кезекті мәлімдемесін айыптап мәлімдеме таратты. Олар мәлімдемесінде: «Палестинада тек бір ғана саяси карта бар, ол 1967 жылғы дербес Палестина картасы», – деген. Израильдің бұл аймақты аннекциялай алу, алмауы белгісіз. Бірақ, Құрама Штаттармен бірлесе қарқынды қадамдар жасап жатыр. Палестина жерін басып алу және аннекциялауға байланысты халықаралық қауымдастық Израиль үкіметі айыптап келеді.
Дереккөз: Qazaqtimes.com