Атырау, 13 қазан 07:18
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Ресейде автокөлік басқаруға сенімхат беру тоқтатылды

2 245 просмотра

Ресей үкіметі сенімхатты жүргізушінің көлік құралын басқару құқығын растайтын құжаттар тізімінен алып тастады. Бүгін «Российская газета» министрлер кабинетінің жол қозғалысы ережесіне түзетулер енгізетін қаулысын жариялады.

Заң шығарушылар жүргізуші автокөлік қожайынының қатысуынсыз көлік құралын басқарған жағдайда «иелену немесе қолдану, осы көлік құралын сату құқығын растайтын құжатты» өзімен бірге алып жүруге міндеттейтін норманың күшін жойды.

Түзетулер 24 қарашадан күшіне енеді. Қаулы автокөлік жүргізушілеріне еркін «басқару құқын беру» үшін мүмкіндік ашады. Енді жүргізуші өз құқын растау үшін жүргізуші куәлігін, автокөлікті тіркеу туралы куәлік пен АЖМСА (ОСАГО) полисті алып жүруі тиіс.

Дегенмен, заң қабылданғаннан кейін де сенімхаттың қажеттілігі туындайтын көрінеді: өйткені егер көлік басқа біреудің атында болса, бұл құжатсыз автокөлік жүргізушісі АЖМСА бойынша сақтандыру полисін рәсімдей алмайды, сонымен қатар жаңа заң Ресей аумағында ғана әрекет ететіндіктен шетелге шығуға тыйым салынады.

Дереккөз: bnews.kz

16 қараша 2012, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.