Атырау, 26 қараша 15:24
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Коронавирус құрбандары мыңға таяды

2 449 просмотра


Қытайда коронавирустан қаза тапқандар саны 908-ге жетті. Олардың 6 мыңнан астамы ауыр халде жатыр. Тағы 29 мыңнан астам кісі індет жұқтырған деген қауіппен тіркелді. 2 600-дей адам жазылып шықты деседі. 

Ауруға шалдыққандармен байланысқа түскен 300 мыңнан астам тұрғын бақылауға алынған. Жұқпалы індеттің Еуропаға кеңінен таралу қаупі күшейді. Францияның Контамин-Монжуа тау курортында Сингапурге барып қайтқан британдық азаматтан 7 адам қауіпті вирусты жұқтырғаны анықталды, оның бірі – бала. Оқиғаға байланысты француз билігі 2 мектепті жауып, тексеріс жүргізіп жатыр. Бұл жөнінде Франция денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Жером Саломон: - Індетті жұқтырған баламен байланысқа түскен жасөспірімдердің алғашқы тобын тексердік. Бүгін, ертең тағы 25 бала қаралып, дертке шалдыққандармен қарым-қатынаста болған өзге де адамдарды тексеретін боламыз, - деді. Осылайша, Францияда коронаваирусты жұқтырғандардың саны 11-ге жетті. 

Қытайдың Ухань қаласынан тағы 35 азаматын арнайы ұшақпен алып қайтты. Олар Францияның оңтүстігіндегі әскери базаға жеткізілді. Бұл – Францияның Уханьнан өз азаматтарын қайтару бойынша үшінші рейсі.

Дереккөз: Qqazaqtimes.com

10 ақпан 2020, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.