Атырау, 22 қараша 13:58
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Соңғы он жылда жастар саясаты жобаларына жұмсалған қаражат 10 есеге артты

2 251 просмотра
АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат  - Соңғы он жылда жастар саясаты жобаларына жұмсалған қаражат 10 есеге артты.

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Н. Назарбаев осылай мәлім етті.

«Қазақстан қай жағынан алсақ та жас мемлекет. Еліміздің 5 млн.-ға жуығы 14 пен 18 жас арасындағы жастар. Бұл біздің болашағымыз зор деген сөз. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап менің де мемлекеттің де ең үлкен назарында болып келді. Естеріңізге түсірсем, бұл салада «Болашақ» бағдарламасымен қаншама жастарымыз дүние жүзінің озық университеттерінде білім алып, жұмыс істеп жатыр. «Жасыл ел» бағдарламасы Отанымызды гүлдендіруге, келер ұрпаққа жасыл мемлекетті дайындауға мүмкіндік берді. «Жастар - Отанға!» деген патриоттық ұғым, «Дипломмен ауылға!» деген ұран, Жас мамандар қоры, осының бәрі көптеген мемлекеттік бағдарламаның ішінде жүзеге асуда», - деді Н. Назарбаев. 

Сонымен қатар, Елбасы соңғы жеті жыл ішінде жастар саясаты саласындағы жобалардың қаражаты 10 есеге артқанын айтты. «Биылдың өзінде жас мамандардың баспаналы болуына және оларды қолдау көмегіне 12 млрд. теңге жұмсалды», - деді Елбасы.

Дереккөз: inform.kz

16 қараша 2012, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.