Атырау, 11 желтоқсан 12:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Ақтауда аса ауыр қылмыс ашылды

2 378 просмотра
АҚТАУ. 16 қараша. ҚазАқпарат - Ақтауда аса ауыр қылмыс ашылды - 30 жастағы әйелді оның 23 жастағы туған інісі өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған.

Ақтаудағы 28 шағынауданның үйлерінің бірінде болған жанжал 13 қараша күні кешке басталған. Отағасы үйінде болмаған, бірақ онда өлтірілген әйелдің және өлтірушінің анасы болды. Ұрыс ақша үшін басталды - інісі өзіне көлік сатып алғысы келген, бірақ оған қаражаты болмады, ал қала мейрамханаларының бірінде әнші болып жұмыс істеген апасы пәтер алуға ақша жинап жүрді. Ұрыс кезінде жас адам апасының басынан акустикалық колонкамен соғып, пышақтаған. Оны өлтірген соң  мүрдені қол арасының көмегімен бөлшектеп, оны екі сөмкенің ішіне салды. Олардың бірінде «Қайраттан сәлем» хатын қалдырды.

«Күдіктінің аса ауыр қылмысты жасағаны расталды. Куәгер және қылмысқа қатысушы болуы мүмкін анасын қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда. Қылмыстың екі қатысушысы - анасы мен баласы Ақтаудың уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп баяндады Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлзайда Төлеуғалиева.

Полицейлер көршілердің немқұрайлығына назар аудартуда. Туған інісі өлтіріп жатқан жас әйелдің жанұшырған даусы 2 сағатқа жуық  естіліп жатқан. Егер олар полицияның кезекшілік бөліміне хабарласса, қайғылы оқиғаның болмауы да мүмкін еді.

 Адам өлтіруші психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жоқ, алайда көршілері онда психикалық ауытқулардың бар екенін білген.

Дереккөз: inform.kz

16 қараша 2012, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.