Атырау, 25 қараша 04:09
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Челах бар шындықты айтып берсін»

2 625 просмотра

Қатардағы жауынгер Мейірхан ИМЕНОВ.Сүйегі анықталмаған атыраулық шекарашы Мейірхан ИМЕНОВТІҢ әкесі Сағындық ИМЕНОВ және қаза тапқан атыраулық тағы үш шекарашының ата-анасы «Арқан-Керген» шекара бекетінде өз қызметтестерін өлтіруде айыпты Владислав ЧЕЛАХҚА қатысты ашық сот отырысына қатысады. Сот процесі қарашаның 19-ы күні Талдықорған қалалық сотында өтеді.

- Талдықорғанда үш аптадай боламыз, - дейді Сағындық ИМЕНОВ. – Мен сотта Челахтың өзін көріп, өз аузынан осы оқиғағаның анық-қанығын білгім келеді. Себебі, Челахқа жолдастары қоқан-лоққы көрсетті дейді. Менің бұған күмәнім бар. Балам әскердегі әлімжеттік туралы ештеңе сездірмейтін. Маған қазір ең бастысы – ұлыма қатысты бір дерек білу.  

Еске салсақ, қараша айының басында Именовтердің үйі-ішіне Бас прокуратура із-түзсіз жоғалған ұлын іздестіру шаралары нәтиже бермегенін хабарлаған болатын.

Естеріңізге салсақ, «Арқан-Керген» шекара бекетінде М. Именовтен басқа Атырау облысынан тағы үш шекарашы әскери борыштарын өтеп жүрген болатын. Бұлар - Мақат ауданының Доссор селосынан Данияр БАЛҒАБАЕВ, Құрманғазы ауданының Жыланды селосынан Жеңіс САҒЫНҒАЛИЕВ және Қызылқоға ауданының Миялы селосынан Бекзат ӘМІРҒАЛИЕВ. Сәйкестендіру сараптамасы жүргізілгеннен кейін олардың сүйектері үйлеріне әкелініп, туған жер қойнына берілген еді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 қараша 2012, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.