Жапония денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Иокогама маңында карантинде тұрған криуз кемесінде тағы 41 адамнан коронавирус табылған. Осылайша вирус жұқтырған жолаушылардың саны 61 болды, деп хабарлайды Kyodo.
Ауруға шалдыққандардың жасы - 20 мен 80 аралығында. Олар Токио мен жақын маңдағы Сайтама, Тиба, Канагава, сондай-ақ Жапонияның орталығындағы Сидзуока префектураларындағы медицина мекемелеріне жеткізіледі. Министрліктің мәтліметінше, олардың ешқайсысында ауыр симптомдар жоқ. Коронавирус жұқтырған 41 адамның ішінде 21-і – жапон, сегізі – америкалық, бесеуі – австралиялық, тағы бесеуі – канадалық және Аргентина мен Ұлыбританиядан екі адам бар. «Diamond Princess» лайнерінің бортында 56 елден 3700-ге жуық жолаушы мен экипаж мүшелері болған. 80 жастағы жолаушыдан вирус табылған соң кеме Канагава префектурасының астанасындағы айлаққа карантинге қойылған еді.
Дереккөз: Inform.kz