Атырау, 29 желтоқсан 15:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

АҚШ Йеменде "Әл-Каида" тобының басшысын өлтірді

2 034 рет қаралды


АҚШ Йемендегі арнайы операция барысында "Әл-Каида" (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобының жетекшісі Касим ар-Римидің көзін жойды, - деп хабарлайды РИА Новости

"Президент Дональд Трамптың тапсырмасы бойынша Құрама Штаттары Йеменде контртеррористік операция өткізді, нәтижесінде Арабия түбегінде "Әл-Каиданы" құрған және оның лидері Касим ар-Римидің көзі жойылды", - делінген АҚШ президенті Дональд Трамптың хабарламасында.

Трамптың айтуынша, ар-Римидің өлімі "Әл-Каидаға" жасалған соққы және "бұл топтың АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне деген қатерін жойды".

"Біз америкалық халықты қорғап, бізге зиян келтіргісі келетін террористердің көзін жойып отырамыз", - деді АҚШ президенті. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

7 ақпан 2020, 10:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.