2019-nCov коронавирусына қарсы күресте аталған соманың 4,08 млрд АҚШ доллары қазірдің өзінде жұмсалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
«Аталған соманың қазірдің өзінде 28,48 млрд юаны (4,08 млрд АҚШ доллары) жұмсалып кетті», - деді баспасөз мәслихатында ҚХР қаржы министрі Үй Уэйпиң. Қытайлық шенеуніктің айтуынша, бөлінген қаражаттың төрттен бір бөлігі елдің орталық бюджетінен қарастырылған. Ол сонымен қатар, аталған қаражат коронавирусқа қарсы күресте субсидия үшін және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу, қажеттілігі өткір тауарлар мен азық-түлік қорын толықтыру мақсатында бөлінгенін жеткізді. «Қаражат барлық аймақтан келіп жатыр. Орталық үкімет туралы айтар болсақ, ол вирустың тарап кетпеуі үшін қажетті барлық шараны қолға алуда», - дейді Үй Уэйпиң.
Дереккөз: Inform.kz