«40-тан астам штаттың азаматтары Ақ үйге петиция толтырып, АҚШ-тан бөлінгісі келетіндерін мәлімдеген. Сәрсенбі күні 7 штаттың тұрғындары өздерінің наразылығын ресми түрде әрекет етуге мәжбүрлейтіндей қол жинаған» - делінеді агенттік таратқан хабарламада.
Бұрынырақ Ақ үй өзінің ресми сайтында «Біз - халықпыз» деген бөлім ашып, онда тұрғындардың өздерін мазалап жүрген кез келген мәселе бойынша өтініш жазуларына рұқсат берген болатын. егер де қандай да бір мәселеге байланысты американдықтардан 25 мыңнан астам қол жиналса, Ақ үй сол мәселені қарауға міндетті.
Осылайша, АҚШ-тан бөліну туралы шешімді 7 штат белсене қолдаған. Бұлардың арасында Техас штаты 100 мың дауыспен алда келе жатыр. Бұл штат барлық сайлауларда дәстүрлі түрде Республикандықтарға дауыс береді (Обама демократтардың өкілі). Қалған алты штат - Луизиана, Флорида, Солтүстік Каролина, Алабама, Джорджия және Теннесси штаттарының әрқайсысы 30 мың қолдан жинаған. Бұл жеті штаттың ішінен тек Флоридада ғана сайлауда Барак Обаманы жақтағандардың саны көп болған.
Дереккөз: ҚазАқпарат