Атырау, 26 қараша 14:37
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​АҚШ-та президенттік сайлау 3 қарашада өтеді

2 257 просмотра


АҚШ-тың Айова штатында өткен кокустың алдын ала қорытындылары жария етілді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Негізі олар бұдан ертерек белгілі болуы тиіс еді. Алайда техникалық ақау кесірінен бір тәулікке кешігіп жариялануда. Сөйтіп, республикашылдар атынан Дональд Трамп жеңген. Ал демократиялық партиядан аутсайдер Пит Буттиджич бірінші орында. Екінші орын сенатор Берни Сандерске бұйырған. 

Ең қызығы, нәтижелер жария етілмей жатып, осы Сандерс мырза өзінің жеңіске жеткені жайлы жар салған болатын. Айта кеткен жөн, АҚШ-та биыл 3 қарашада президенттік сайлау өтеді. Қазір елде сайлауалды науқан жүріп жатыр. Соның аясында әрбір штатта кокус не праймериз, яғни үміткерлерді алдын ала таңдау шарасы ұйымдастырылады. Жалпы саяси додаға республикашылдар 3 кандидатын ұсынып отыр. Арасында қазіргі Ақ үй басшысы Дональд Трамп бар. Ал демократиялық партия атынан 11 үміткер ұсынылып отыр.
 

Дереккөз: 24.kz

5 ақпан 2020, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.