Бүгін, 14 қарашада таңертең тағы да қалалық қоқыс орны өртенді.
«Арнаулы автобаза» КМК директорының міндетін атқарушы Зәуірбек ЖАЙЛЫБЕКОВТЫҢ айтуынша (директоры Арман Тәшенов жарты жылға жетпейтін уақыт жұмыс істеп, жуырда ғана босатылған еді), тұтану алаңы 80 шаршы метрді құраған. Түтін солтүстікке қарай Алмалы селосы жақты желмен жарыса тұмшалап жатыр.
Қазір өртпен бульдозер, екі жүк тиегіш пен екі самосвал жүргізушілері күресіп, өрт өршімес үшін қоқысқа топырақ себуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Сурет мен бейнежазбаны түсірген Қанат ЕЛЕУОВ