Тайланд Корольдігінің билігі қытайлық жаңа коронавирусқа қарсы вакцина табылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олардың мәліметінше, 71 жастағы науқас Тайландтағы ауруханада емделгеннен кейін жазыла бастаған. Емдеу барысында оған ЖИТС пен тұмау кезінде қолданылатын дәрілерден жасалған коктейль берген. Әйел дәрілерді қабылдағаннан кейін 48 сағат өткен соң Ухандағы вирусқа тапсырған сынамадан ауру белгілері табылмаған. Оның жағдайы айтарлықтай жақсарған.
Қазіргі таңда ол аурухана төсек-орнынан өзі тұрып, отыра алады. Қазіргі уақытта Тайландта жаңа вирус жұқтырғандар саны 19 адамға жеткен.
Дереккөз: Inform.kz