Атырау, 26 қараша 14:52
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қытайда бір тәулікте коронавирустан 64 адам қайтыс болды

2 660 просмотра


Қытайдың Хубей провинциясында жаңа коронавирустан қаза тапқандардың саны 414-ке жетті, ал жұқтырғандардың саны - 13 522, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті биліктің мәліметінше, 3 ақпанда 64 адамның қайтыс болғаны және ауру жұқтырудың 2 345 жағдайы тіркелген. Хабарламаға сенсек, жұқтырудың 1 242 дерегі дерттің ошағы Ухан қаласында тіркелген. 

4 ақпандағы 00.00 бойынша (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша сағат 22.00, 3 ақпан) 396 хубейлік коронавирустан емделген.

Еске салайық, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Ухан қаласында белгісіз дерттің таралғанын хабарлаған. Мамандар аурудың қоздырғышын анықтаған - 2019-nCoV жаңа коронавирусы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл жағдайды халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай деп таныды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

4 ақпан 2020, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.