Атырау, 26 қараша 14:29
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Қытай 8 күнде салынған аурухананы пайдалануға бергелі жатыр

3 155 просмотра


Қытайда вирус жұқтырғандар саны артып жатқандықтан, мемлекет билігі коронавирус ошағы саналатын Ухан қаласының орталығынан жаңа аурухананы ашуды жылдамдатпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. 

«Мың орындық аурухана небәрі сегіз күнде салынды. Бұл - коронавируспен күресуге арналған екі мекеменің бірі. Қазіргі таңда Қытайда вирус жұқтырғандар саны 17 мыңнан асты. Ал коронавирустан 361 адам қаза тапты», деп жазады басылым. Автордың жазуынша, Қытайдан тыс жерде вирус жұқтырғандар саны - 150 адам. «Хубэй провинциясындағы ауруханалар лық толы. Сол себепті жаңа аурухананы пайдалануға беру уақыты жылдамдатылады», деп жазады басылым.


Дереккөз: Inform.kz

3 ақпан 2020, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.