Атырау, 26 қараша 16:48
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ Йеменде Аль-Каида басшысын өлтірді

2 173 просмотра


Американың ресми өкілдері Касим аль-Райми қаңтарда болған шабуылдар кезінде қайтыс болған деп есептейді.

АҚШ қарулы күштері Аль-Каида террористік тобының Йемендегі мүшелеріне шабуыл жасады. Шабуылдың мақсаты - террористік топ басшыларының бірі Касим аль-Раймиді өлтіру болатын. Бұл туралы 31 қаңтарда CNN телекомпаниясы америкалық әкімшіліктегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

The New York Times таратқан хабарламаға қарағанда, АҚШ-тың ресми тұлғалары аль-Райми Йемендегі әуе соққылары кезінде қайтыс болды.

Басылымға сұхбат берген тұлғаның айтуынша, барлау қызметі оның қайда орналасқанын бірнеше айдан бері бақылап келді. Орталық барлау басқармасы 2019 жылдың қарашасында Йемендегі өкілінен керек мәліметті алған.

Кейін аль-Раймиді ұшқышсыз ұшақтың көмегімен іздеді. АҚШ Йемен территориясына қаңтарда соққы жасады.

АҚШ-тың ресми тұлғалары терроршының қайтыс болғаны туралы қосымша расталған ақпарат алғаннан кейін мәлімдеме жасайды.

Йеменде "аль-Райми АҚШ-тың осы елдегі елшісін өлтіргісі келген" деген айыппен сотталып, түрмеге қамалған болатын. Алайда, ол түрмеден қашып шыққан.  Америкалық тараптың деректеріне қарағанда, оның үш терактіге қатысы бар.

Дереккөз: Baq.kz

1 ақпан 2020, 13:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.