Атырау, 25 қараша 03:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Полицейлер сынға алынды

1 826 просмотра

9 қараша күні облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының залында «Кәмелет жасқа толмағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық құжаттарын рәсімдеу және ата-аналық құқығынан айыру туралы дауларын қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Судьялар тарапынан полицейлердің кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты хаттамаларды қате толтырып тапсыратындары сынға алынды.

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нағима ИСКАКОВАНЫҢ айтуынша, полицияның жұмыстарындағы қателік, әсіресе, Жылыой ІІБ қызметкерлері тарапынан жиі жіберіледі.

Өзкезегінде облыстықішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалары жөніндегі аға инспекторы Жеңісбек АБДОЛОВ әкімшілік құқық бұзушылық құжаттарын рәсімдеу кезінде кемшіліктердің орын алуын ювеналды полиция тобы қызметкерлерінің жастығымен байланысты деп түсіндіруге тырысты.

Айнұр САПАРОВА

14 қараша 2012, 20:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.