Атырау, 6 қаңтар 12:42
 ашықВ Атырау -5
$ 526.11
€ 542.31
₽ 4.76

... және бір келі уылдырық

3 806 просмотра

«Бекіре» операциясы барысында Атырауда браконьерлерден  бір жарым тонна бекіретұқымдас балықтар тәркіленді.

Соңғы орын алған жағдайлардың бірінде браконьерлер жеңіл автокөліктің салонына бірнеше қапшыққа салынған  бекіре балығын  алып өтпекші болған. Өзіне жүктің көп тиеліп, жерге «жатып» қалғандығымен ғана емес, түнгі жолда шамын жақпай жортып бара жатқандығы көлік - жол полицейлерінің назарын аудартты. Инспектордың тоқта деген талабын елең қылмаған жүргізуші газды одан сайын басты. Соңына түскен тәртіп сақшылары аз уақыттан соң көлікті тоқтатып алды. Қылмыстық іс көтерілді.

Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ  айтуынша, күзгі операция қорытындысы бойынша барлығы 193 құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде заңсыз балық аулау және балық аулау ережесін бұзған 158 факті тіркелген. Шамамен 9 тоннадай балық тәркіленді. Ал, қара уылдырыққа келетін болсақ, «Бекіре» операциясы басталғалы бері полицейлер бар-жоғы 1 келі ғана жеңсік тағамды тәркіледі.

Анастасия ПАСТУХОВА

14 қараша 2012, 20:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.