Alibaba компаниясының негізін қалаушы және бұрынғы басшысы, Қытайдың ең бай миллиардері Джек Ма мен оның қоры коронавирустың жаңа түріне қарсы екпені әзірлеуге 14,4 млн доллар бөлді.
Ақшаның бір бөлігі 2019-nCoV вирусына қарсы вакцина жасау үшін Қытайдың Ғылым академиясына және елдегі Инженерлік академиясына беріледі, қалған қаржы қытай және шетелдік зерттеушілерді қолдауға, сонымен бірге коронавирусты емдеу мен оның алдын алу бойынша әріптестікті дамытуға жұмсалмақ. Одан бөлек Джек Ма мемлекеттік ғылыми-зерттеу институттарына жұмыс істеу үшін Alibaba-ның озық компьютерлерін беруге уәде етті.
Бұған дейін Қытайдан шыққан індетпен күресу үшін Microsoft компаниясының негізін қалаушы әрі бұрынғы басшысы Билл Гейтстің қайырымдылық қоры 10 млн АҚШ долларын бөлген еді.
Дереккөз: Nege.kz